«Қызылорда облысының білім басқармасының «Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ағымдағы жылдың маусым айының 1-30 күндері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі талдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Ішкі талдау 2026 жылдың қаңтар-маусым айын қоса алғанда қамтылатын болғандықтан, жоғарыда аталған кәсіпорын құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты kurylysbiznes@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Өз кезегінде, бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеуүшін пайдаланылатын болады.